Басқару серверін жаңарту

Басқару серверін жаңарту шебері көмегімен Басқару серверінің жаңартуларын орнатуға болады.

Басқару серверінің жаңартуларын орнату үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Операциялар«Лаборатория Касперского» бағдарламаларыБайқалмайтын жаңартулар бөліміне өтіңіз.
  2. Басқару серверін жаңарту шебері процесін келесі тәсілдердің бірімен іске қосыңыз:
    • Жаңартулар тізіміндегі Басқару сервері жаңартуының атын басып, ашылған терезеде Басқару серверін жаңарту шеберін іске қосу сілтемесінен өтіңіз.
    • Бағдарлама терезесінің жоғарғы жағындағы хабарландыру өрісінде Басқару серверін жаңарту шеберін іске қосу сілтемесінен өтіңіз.
  3. Жаңартуды қашан орнату керектігін көрсету үшін Басқару серверін жаңарту шебері терезесінде келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:
    • Қазір орнату. Жаңартуларды қазір орнатқыңыз келсе, осы нұсқаны таңдаңыз.
    • Орнатуды кейінге қалдыру. Жаңартуларды кейінірек орнатқыңыз келсе, осы нұсқаны таңдаңыз. Бұл жағдайда, осы жаңарту туралы хабарландыру көрсетіледі.
    • Осы жаңартуды елемеу. Жаңартуды орнатқыңыз келмесе және осы жаңарту туралы хабарландыру алғыңыз келмесе, осы нұсқаны таңдаңыз.
  4. Жаңартуды орнатпас бұрын Басқару серверінің сақтық көшірмесін жасағыңыз келсе, Жаңартуды орнату алдында Басқару серверінің сақтық көшірмесін жасау параметрін таңдаңыз.
  5. Шебер терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

Сақтық көшірмелеу процесінде жаңартуларды орнату процесі үзіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу